image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Ұланы бар елдің, ұраны бар

Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні мерекесі де келіп жетті. Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуына  25 жыл және Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72 жылдығы республика бойынша аталып, түрлі іс-шаралар жүргізілді.

Біздің  мектепте де бұл мерекелер қарсаңына  «Ұланы бар елдің, ұраны бар » атты сайыс ұйымдастырылды.

Бұл шараның мақсаты – өнер балаларын басқа қырынан таныту,  болашақ  ұландарымыздың бойынан ер азаматқа тән қасиеттерді көру. Сайыскерлеріміз мектептің 6-8 сынып оқушылары, бұл шараға жауапкершілікпен дайындалды.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: таныстыру, спорттық: кір көтеру, білек күшімен сынасу, жерден тартылу, шеберлігі сыналар сайыста түйме тігіп, ою қию және соңғысы өз өнерін көрсету.

Әділ-қазылар алқасы ер азаматтардың  өнерлерін тамашалап, тапқырлық, ептіліктеріне  тәнті болды. Жігіттерімізді қолдауға сыныптастары  келіп, демеп отырды.

Ұландарымыз өздерін жан-жақты қырынан көрсете алды, «жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» дегендей, домбыра тартып, гитарада ойнап, битбокс өнерін де көрсетті.

І орынды гитара сыныбының оқушысы Егізбаев Дулат, ІІ, ІІІ орынды домбыра сыныбының оқушылары иеленді.  Кабиденов Алдияр ІІ орын алса,  үшінші орынға   Елубаев Тамерлан мен Байтемір Тамерлан ілікті.  Балалар өнер мектебі атынан қатысушыларға  сыйлық , грамоталар табысталды.  Әділ-қазы алқалары жігіттерге сәттілік тілеп, алдағы  шараларда да белсене қатысып жүруін тіледі.

 

Балалар өнер мектебі әкімшілігі,

Красноармейка ауылы