image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Ұстаз мерейі

 

28 қыркүйек күні Красноармейка ауылының аудандық Мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты мерекелік шара аталып өтті.    Ұстаздарды  облыстық, қалалық және аудандық әкімшілік өкілдері құттықтап, ұстаздық жолда шығармашылық табыс пен жеке өмірлеріне бақыт тіледі.

Ең үздік ұстаздар құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды. Павлодар ауданы білім беру бөлімі атынан марапатталған директорлардың ішінде Балалар өнер мектебінің директоры Әсем Бекенқызы Каппасова да назардан тыс қалмады. Мектеп ұжымы өз басшысын шын жүректен құттықтап, биік белестерден көріне беруін тіледі.

Мерекелік шара өнер мектебі және аудан шығармашылық топтарының ұжымдары дайындаған концертпен өз мәресіне жетті.

 

Балалар өнер мектебінің ДТІЖО:                      А.В.Дарьина