image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Өнерліні өрге жетелеп…

Павлодар ауданына қарасты Балалардың өнер мектебі жас таланттардың музыкалық бейімін дамытуға жоғары маңыз береді. Қабілетті жеткіншектердің өнерге ұмтылысын лайықты қолдап, талабын ұштау мақсатында мектеп жанындағы музыкалық бағытта аспаптарда ойнау, вокал сияқты тармақтар қызмет көрсетеді. Бұлардың әрқайсысында  өз ісіне берілген кәсіби мамандар еңбек етеді. Өнерге баулудың әдістемесін жетік меңгерген мамандардың жұмысы дәл қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Өз кезегінде Павлодар ауданына қарасты білім ордаларының оқушылары облыс төңірегіндегі барлық сайыстарға белсене қатып, музыкалық бағыт бойынша жоғары жетістіктерге жетуде. Алдағы уақытта осы деңгейді одан әрі дамытып, шәкірттерге сапалы дәріс берудегі табыстарды еселеу жоспарланған.

Жас талап! Музыкалық бағытта кәсіби қолдау ізедесңіз Павлодар ауданының Балалар өнер мектебіне келіңіз! Біз Сіздің табалыңызды ұштауға, табысты болуыңызға жол ашамыз!