image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«DREAMFEST» IV Халықаралық байқауы

Павлодар қаласындағы «Колос» мәдени-демалыс орталығында «DREAMFEST» атты IV Халықаралық байқауы болып өтті.

Хореография, Анимация, Аспап және Вокал жанрлары бойынша ұйымдастырылған бәсекеге Павлодар аудандық Білім бөлімінің Балалар өнер мектебінің таланттары да қатысты.

Балалар өнер мектебінің шәкірттері деңгейі биік байқаулардан жүлдесіз қайтқан емес. Бұл жолы да биік тұғырға көтеріліп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Атап айтсақ, өнер мектебінің домбыра сыныбының шәкірттері Мәдина Ғапур Халықаралық байқаудың аспап жанрында  Дина Нұрпейісованың күйін ұсынып өнер көрсетіп, Гран-При иегері атанса, Малика Умергожина халық күйі «Тепенкөкті» төгілтіп, I орынды еншіледі.Оқушыларымыз шебер орындаушылығымен көпшілікті, тәнті етті.

Қос шәкіртті және олардың жетекшісі Батырхан Кенжекановты жетістігімен құттықтаймыз!