image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңындағы қыздар арасындағы волейбол жарысы

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Луганск ауылдық округінде әйелдер командалары арасында волейболдан турнир өтті. Турнирге «Луганск» ӨК, ауылдық округ әкімдігінің командалары, Луганск ЖОМ мұғалімдері мен оқушылары қатысты. 1 орынды Луганск ЖОМ оқушылар командасы, 2 орынды Луганск ЖОМ мұғалімдер командасы, 3 орынды «Луганск» ӨК командасы және 4 орынды ауылдық округ әкімдігінің командасы иеленді. Турнирден кейін барлық командаларды салтанатты марапаттау және шай ішу өткізілді. Командалардың әр қатысушысына грамоталар мен ақшалай сыйлықтар (1 орын — 10 мың теңге, 2 орын — 7 мың теңге, 3 орын — 5 мың теңге, 4 орын — 3 мың теңге), сондай-ақ турнир жеңімпаздарына Луганск ауылдық округінің әкімі В. С. Щегловтан сыйлық табыс етілді. Турнирді ұйымдастырушы — дене шынықтыру мұғалімі Щеглов Сергей Николаевичке және турнирдің демеушісі — «Луганск» өндірістік кооперативінің төрағасы Кузьменко Петр Петровичке алғысымызды білдіреміз.