image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Қаныш Сәтбаев – әлемдік аты бар ғалым» тақырыбында бірыңғай сынып сабақтары

Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.
Осы орайда, мектебімізде жас ұрпаққа өнеге болсын деп, қазақ халқының тұңғыш академигі атанған азаматтың өмірі, ел үшін еткен еңбегі мен оның құрметіне арналған «Қаныш Сәтбаев – әлемдік аты бар ғалым» тақырыбында бірыңғай сынып сабақтары өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Сыздыкпаева Машакар Кайрбековна