БАҚШАМЫЗ ЛОПЕДТІҢ БОС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Бос лауазымға конкурс

Педагогтардың бос лауазымдарға конкурс

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар ауданы білім беру бөлімінің «Еркежан» Заря сәбилер бақшасы КМҚК

логопедтің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды, оның ішінде 1 орын логопедтің декреттік демалыс кезіне.

Заря ауылы, Школьная көшесі 2А эл.почта:  erkesad@mail.kz

 

Қазақ  тілінде оқытатын сәбилер бақшасы. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асырады.

 Біліктілік талаптары:

Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеушікемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымында кемінде 5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.

Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

педагог (санатыжоқ):

«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы тиіс:

Үлгілік бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін меңгеру;

Жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;

Перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

Тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекетті жалпыға міндетті стандартында көзделген деңгейден төмен немесе білім, білік және дағдыларды қамтамасыз ету;

ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;

әдістемелік жұмысқа қатысу;

балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлік білім беру ресурстарын қолдану;

Лауазымдық міндеттері:

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас тобының үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, заттық дамытушылық ортаны құрады, балалар қызметіне (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек) басшылықетеді.

Балалар мен жұмыс жасауда жеке тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады.

Дамуында ауытқулары бар балалар мен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды.

Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды.

Мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және әдетте дамып келе жатқан балаларды бірлесіп тәрбиелеу және оқыту жағдайында әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі  бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді.

Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерттеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады.

Мектепке дейінгі жастағы баалаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды.

Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білімтуралы», «Педагог мәртебесітуралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілері;

психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялыққағидалар;

мектепкедейінгітәрбие мен оқытудыұйымдастыружөніндегінормативтік-құқықтық құжаттар.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны:білім беру ұйымдарының интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде;

Бос лауазымға құжаттарды қабылдау «Еркежан» Заря сәбилер бақшасы КМҚК  Школьная көшесі 2А-да жүзеге асырады

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген;

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік  тестілеу сертификаты (бұдан әрі — ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) тәрбиешінің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) алу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Ақпараттын ақтылау үшін байланыс мекеменің телефондары мен электрондық мекен жайлары: 8(71845) 57-6-03; электрондық адрес erkesad @mail.kz