«Ана тілің — арың бұл!» атты тілдер күніне орай өткен тәрбие сағаты.

 

«Еркежан» Заря сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Білімді де, әдепті балаларымыз көп болсын.

Ұстаздар күніне орай тәрбиешілер арасында «Тәрбиеші — бала бақша жүрегі» атты сайысы өтті. Бұл сайыс 5 бөлімнен құралды: таныстыру, сән үлгісі, ертеңгілікті сахналау, дидактикалық ойын, өнер. Баолық педагогтар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Ерекше өнер көрсеткен ортаңғы тобының тәрбиешілері Авидолда С. мен Оспанова А.К. бас жүлдеге ие болды. І — жүлделі орныды Ересек тобының тәрбиешілері Садыгазина З. мен Садуова Ә. алса ІІ орын Баткеева Ж. және Акболина А. алды.

«Күншуақ» ортаңғы тобында «Құстар біздің досымыз» атты апталық өтті. Балалар құстар жайлы көп ақпарат айтып оларға үйшік жасап тамақтарын берді. Балалар осы шарадан ерекше әсер алды.

«Амал» мерекесі жайлы түсінік

Ортаңғы топта 14 наурыз күні ертеден келе жатқан дәстүрлі мереке «Амал» мерекесін атап өтті.

Көрісу күні, кей өңірде Амал мерекесі Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңірлерінде атап өтіледі. Дегенмен тек батыста тойланған деген жаңсақ пікір. Бұл — қонақжай қазақ халқына ортақ ежелден келе жатқан көктем мерекесі.

«Наурыз» мейрамына орай өткен ертеіңгілік. Балалар өз өнерлерінен басқа ұлттық тағамдар туралы мәлімет берлі.

Тәрбиешілер Искакова З., Авдолда С.

Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

МАҚСАТЫ: Балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру, ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін дамыту. Балаларды әдептілікке, ұйымшылдыққа, мергендікке, шапшаңдыққа, бірін — бірі сыйлауға тәрбиелеу. Балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиешілері: Авидолда С., Исакова З.

Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігі күніне орай  сәбилер бақшасында «Тәуелсіздік — тұғырым!» атты кезекті ертеңгілік өтті. Бұл шарада балалар еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін көрсетіп тақпақтары мен әндерін орындады.

 

 

Кішкентай зерттеушілер!

Күздің соңғы күнінде ересек және ортаңғы топтар арасында «Іздену жұмыстары» жобасы өтті. Бұл жобада балалар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жеміс — жидектердің пайдасын және зияндығын айтты.

 

Өнерпаз бүлдіршін.

«Үркер» зияткерлік марафонының жеңімпазы, ересек тобының Нұрсәуле Жанимхан атанды.

Тұңғыш Президент күніне орай «Еркежан» сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері мен ата-аналары жатқа өлең оқып, аудандық білім беру басшысының  алғыс хатымен марапатталды.

Наурыз мейрамына орай Еркежан сәбилер бақшасында қыздар арасында «Наурыз аруы» байқауы өтті. Қыздарға келесі тапсырмалар арқылы өздерін көрсетті: Қол өнер, киім үлгісі және өнер. Байқауқорытындысы бойынша Қадырбек Інжу»Мисс Наурыз аруы»  атанды.