Шакен Аймановтың туған күні
Бүгін мектеп кітапханашысы Ақерке Советханқызы қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі Шакен Аймановтың туған күніне орай оқушыларды режиссердің өмірі мен еңбектерімен таныстырды.
Шакен Айманов — қазақтың әйгілі актері, режиссер. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы. Ол өмірін қазақ киносына арнаған ,артына өшпестей мұра қалдырған біртуар тұлға.