image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Бүгін мектебімізде биология пәні мұғалімі Тілейхан Назерке 7 сынып оқушысымен емен ағашының тұқымын отырғызды.Жалпы емен ағашын отырғызу үшін 5кезеңге бөлуге болады:
•тұқым дайындау
•дұрыс орын
•құнарлы топырақ
•жас көшеттерге күтім жасау
•ашық жерге қондыру
Емен – шамшаттар тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды.
Оны адам өмірінің көптеген салаларында қолданады. Мысалы, еменнің сүрегі берік және қатты болғандықтан, бұл ағаштан кеме және суасты құрылыстарын жасайды, өйткені, ол шірімейді. Сонымен бірге, автокөлік, жиһаз және үй құрылысы кезінде де жиі пайдаланады. Емен қабығының емдік қасиеттері көп, оның құрамында таниндер, қант, крахмал, шырыш және көптеген табиғи антисептиктер бар. Қабығымен қатар, жапырақтары да пайдалы. Шай немесе қайнатпа түрінде диарея, гастрит, асқазан және бауыр ауруларын емдеу үшін қабылдайды. Дәрігерлер, тері бөртпелері немесе күйіп қалу кезінде, теріге жағуға кеңес береді. Емен қабығының қайнатпасы жүрек-тамыр жүйесіне жағымды әсер етеді. Сондай-ақ, тіс дәрігерлері де, бұл ағаштың емдік қасиеттерін жоғары бағалайды. Тіс еттері қабынған кезде, қайнатпамен ауызды шайып отырсаңыз, зиянды бактериялар жойылады екен.
Осы емен ағаштары Қазақстан қаруылы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай отырғызылды.
#30жылқарулыкүштерге