image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Міне, тағы да бір оқу жылы артта қалып, 9 жыл бойы білім нәрін алған , мектебіміздің түлектері Жұманазар, Мухамеди, Илья ,Эльдар алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Кеше ғана кішкентай балдырған болып, мектеп табалдырығын аттаса, бүгінгі күні саналары кірген, үлкен азамат болып , мектеп қабырғасынан ұшқалы тұр.
Бүгін еліміздің барлық білім ошақтарында секілді балаларымызға негізгі орта жалпы білім алу туралы аттестаттарын табыстау рәсімі өткізілді. Мектеп басшысы Айнұр Шалабайқызы құжаттарың табыстап, түлектерге ақ жол, сәттілік серік болсын деп тілегін білдірді. Сынып жетекшілері Нұргельды Амангельдиевич Сарсенбаев оқушаларға өз лебізін білдіріп, ақ жол тіледі!🌷
#жастүлек2022
#аттестаттабыстау