Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру, «Мәңгілік Ел» идеясы, Павлодар ауданының 90 жылдығына орай «Тәуелсіздік және тарихи тұлғалар» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының аясында мектепшілік «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты апталығы өтті.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру, «Мәңгілік Ел» идеясы, Павлодар ауданының 90 жылдығына орай «Тәуелсіздік және тарихи тұлғалар» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының аясында мектепшілік «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты:
— Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, сол деңгейге жетудегі Елбасының жолы туралы оқушыларға насихаттау.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру, «Мәңгілік Ел» идеясы, Павлодар ауданының 90 жылдығына орай «Тәуелсіздік және тарихи тұлғалар» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының аясында мектепшілік «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты апталығы осындай мерейлі даталарға арналды. Бұл оқиғалар келешек ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, сонымен қатар татулығы мен тыныштығының негізі болатындығын оқушыларға жеткізу.
— Оқушыларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
— Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
— Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
15.02.2018 жылы тарих апталығының салтанатты ашылуы өтті. Шараға мектеп директоры Молдахметова Айнұр Шалабайқызы, физика және информатика пәні мұғалімі Сергазинова Бағила Жұмабайқызы қатысты. «Тарих апталығы» аясында 7-9 сыныбында ұйымдастырылып отырған «Тарих – ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық сайысқа 3 топ қатысты. «Жеті Жарғы», «Алтын Орда», «Ата Заң» топтары өз білімдерін көрсетті. «Бүгінгі мен ертеңгі» атты көрмесі өтті. Саптық жиында оқушылар және мұғалімдер апталықтың жоспарымен таныстырылып өтті.
16.02.2018 жылы 5-9 сыныптар арасында «Озық ойлы оқушы» интеллектуалды ойын сайысы өтті. Пән мұғалімдері Ташмұхамбетова М.Қ., Г. Тусэфхаан, Н. Бауыржан, А. Алтай қатысты. Сайысқа оқушылар белсене қатысты. Оқушылар сайыс барысында өздерін еркін ұстады, сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды.
«Озық ойлы оқушы» интеллектуалды ойын сайысының 5 оқушысы Э. Шакенов пен 7 сынып оқушысы Т. Аспандияровқа мадақтама грамотасымен марапатталды.
17.02.2018 жылыОҚО, Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасында ай сайын өтетін «Жас ғалым» дарынды балаларға арналған республикалық ғылыми-танымдық журналы мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы бірлесіп ұйымдастырып отырған «Жас ғалым» ғылыми жоба шығармашылық байқауына «Павлодар ауданының Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі» ММ 7 сынып оқушысы Мұстафин Дамир «Әлихан Бөкейхан – тарихи тұлға» ғылыми жобасымен Шакенов Балабек «Ыбырай Алтынсарин – қазақ қоғамының тұңғыш ағартушысы» қатысты. Оған ғылыми жетекшілік жасаған осы мектептің тарих пәні мұғалімі, тарих магистрі Хабзат Баужанов. Мектепте қорғады.
18.02.2018 ж. Апталықтың қорытындысы шығарылып,апталық кезінде белсенділік білдірген оқушылар марапатталды.
«Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі» ММБолашаққа бағдар: Рухани жаңғыру, «Мәңгілік Ел» идеясы, Павлодар ауданының 90 жылдығына орай «Тәуелсіздік және тарихи тұлғалар» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Тәуелсіздік және тарихи тұлғалар» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты: Тәуелсіздік — халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Сол тәуелсіздіктің жаңа лебімен қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар мен ұлт зиялыларының есімі де жаңғырды. Қазақстан тарихының жаңа сипаттағы зерттелу үдерісін талқылау болатын. Сонымен қатар онда Тәуелсіздік жылдарындағы даму үрдісі және ел Тәуелсіздігін алғалы бері қайраткерлердің жеткен жетістіктері мен жастарды зияткерлік бағытта тәрбиелеу жолдарына қатысты мәселелерді қозғау.
Ел болашағы бүгінгі жастар деген Елбасы сөзін алға тарта отырып баяндама жасаған оқушылар Қазақстанның болашағы зор,әрі әлем деңгейінде көк туымыздың көрінетіндігіне сенетіндіктерін, сондай-ақ осы белеске жетуде болашақ жастардың үлесінің мол екенін айтып өтті. Сонымен қатар оқушылар арасында өткен конференция әрбір қатысушының белсенді түрде ізденгендігі және Президенттің саясатының дұрыс бағытта екенін баяндамаларында айқын аша білді.
16.02.2018 жылы «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Баужанов Хабзат Қасенұлы. Ашық сабақ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.Ж. Ибраеваның қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар жұппен жұмыс жасап, белсенділік танытты, интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады. Реферат жазып, оны қорғады.Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды.
Апталықтың қорытындысы шығарылып,апталық кезінде белсенділік білдірген оқушылар марапатталды.
Тарих пәні мұғалімі Х. Баужанов