Мектебімізде “Жол картасы” аясында “Цифрлық ресурстарды кеңінен пайдалану мүмкіндіктері”тақырыбында аудандық семинар өткізілді.Семинарға Павлодар ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қауметова Магфура Аубакировна ,Ямышев ЖОББМ,Ольгинка ЖОББМ,Қаратоғай БМ және Заря ЖОББМ-нен пән мұғалімдері қатысты.Семинар барысында«Педагог тәжірибесіндегі цифрлық ресурстарды пайдалану артықшылықтары» тақырыбында шеберлік сағатын физика және информатика пәндерінің мұғалімі Абдураимов Бекмирза Шодиярович өткізді.“Дарынды оқушыларды анықтау және психологиялық қолдау көрсету” атты коучинг сабақты Тусупбаева Айза Жумабаевна және “Мектеп оқушыларының жылдам оқу және логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға арналған жаттығулар” атты шеберлік сағатын Мадине Азира өткізді.
Мектебіміздің ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісу барысында пайдалы ақпарат бере білді. Келген ұстаздар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
#тәжірибеалмасу
#пайдалысеминар
@kenesmektebi
@bilim_pavlodar_audany
Абай Кунанбаеву 175 лет
Женіс лентасы
ҚР конституциясының 25 жылдығы
Балалар жылы