“Шебер қыздар” жобасы аясында мектебімізде “Қыздың көркі — әшекей” атты фоамираннан бұйымдар жасауға арналған іс-шара өткізілді. Бұл шарада оқушылар фоамиран материалымен жұмыс істеу арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, ерекше және әсем заттар жасауды үйренді.
Фоамиран – жұмсақ әрі икемді материал, ол қолөнерде өте танымал және әдемі аксессуарлар мен әшекейлер жасауға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында қыздар түрлі-түсті фоамираннан гүлдер, шашқа тағатын әшекейлер, білезіктер, және басқа сәндік бұйымдар жасады.
Жоба жетекшілері:Мадине А.
Тусупбаева А.Ж.