image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Біртұтас тәрбие шеңберінде ата-аналарды қолдау орталығының жоспарына сәйкес 1-4 сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты – балалардың білім алуы мен тәрбиесіне ата-аналардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Жиын барысында ата-аналарға оқу үдерісіндегі жаңашылдықтар, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ тәрбие жұмысының негізгі бағыттары түсіндірілді. Мұғалімдер оқушылардың үлгерімі мен тәртібі туралы ақпарат беріп, ата-аналарға өзекті мәселелер бойынша кеңестер ұсынды.

Сонымен қатар, жиналыс аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу тақырыбы кеңінен талқыланды. Бала бойына ұлттық рухты сіңіру, салт-дәстүрлерді үйрету, ана тілін құрметтеу, ұлттық ойындар мен өнерге баулу мәселелері қозғалды. Ата-аналарға отбасында қазақ халқының рухани мұраларын насихаттау, үлкендерді құрметтеу және адамгершілік тәрбиесін нығайту жөнінде ұсыныстар берілді.
#біртұтас_тәрбие_pvl
#bilim_pavlodar_audanу
#kenesmektebi