Бүгін мәдениет және салт-дәстүрлер күніне орай ауылымыздың ардақты әжелері, “Әжелер мектебінің” мүшелері Мақсұт Шақантайқызы және Жамиля Қабиденқызы қонаққа келіп, дана халқымыздың керемет дәстүрлерінің бірін өткізді. Тұсаукесер – қазақ халқының балаға арналған ежелгі әрі маңызды дәстүрлерінің бірі. Бұл рәсім нәресте еңбектеп, қаз-қаз баса бастаған кезде жасалады. Оның басты мақсаты – баланың болашақта тез әрі нық жүріп кетуіне ақ жол тілеу, өмір жолының ашық болуын сұрау.
Тұсаукесер рәсімінде баланың аяғына ала жіп немесе қойдың тоқ ішегінен есілген жіп байланады. Бұл жіп баланың жолы ашық, қадамы берік, адалдықпен өмір сүруін тілеген ниеттен туындайды. Тұсауды жүрісі жылдам, өмірде жолы болғыш, сыйлы, беделді адам кеседі. Бұл – баланың да сол адам сияқты жүріс-тұрысы ширақ, өмірі сәтті болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр.
Тұсаукесер кезінде төмендегідей жыр-тілектер айтылады:
«Қаз, қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін!»
@bilim_pavlodar_audany
@кеnesmektebi
#әжелермектебі
#даналықмектебі
#тәрбиеталбесіктен
#салтдәстүрдіұмытпайық

Абай Кунанбаеву 175 лет

Женіс лентасы

ҚР конституциясының 25 жылдығы

Балалар жылы
